Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалиды қабылдады

  Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалиды қабылдады <a href="https://t.
REKLAM ALANI
Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалиды қабылдады
Yayın: 12 Nisan 2023 DÜNYA Google News

 

 

 

 

Жаңалықтар
Ақорда
Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалиды қабылдады
2023 жылғы
Президентке еліміздегі жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары жөнінде есеп берілді. Атап айтқанда, бірінші тоқсанда 500-ден астам жемқорлық қылмыс тіркеліп, 400-ден аса тұлғаның жемқорлық әрекеті әшкереленді. Оның 53-і әртүрлі деңгейдегі басшылар.

Асхат Жұмағалидың айтуынша, биыл 23 қаңтардан бастап шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жолындағы әкімшілік кедергілерді жоюға бағытталған «Бизнеске жол» жобасы іске қосылған. Жоба аясында шамамен 7 мың кәсіпкер көмек алып үлгерді.

 

 

 

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына жемқорлыққа жол бермеу үшін қабылданып жатқан алдын алу және сақтандыру шаралары жөнінде мәлімет берілді. Осы ретте биыл Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлыққа әкеп соқтыратын қатерлерді жоюға қатысты 769 ұсыным мен ұсыныс енгізді.

Президент жемқорлыққа итермелейтін жүйелі себептер мен жағдайларды жою аса маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар Мемлекет басшысы жоғары лауазымды тұлғалар арасындағы сыбайлас жемқорлықты анықтауға және оның жолын кесуге баса мән беруді тапсырды.

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-sybaylas-zhemkorlykka-karsy-is-kimyl-agenttiginin-toragasy-ashat-zhumagalidy-kabyldady-113230

 

 

Son Güncelleme: 12 Nisan 2023