Президент бірқатар ІТ компания басшыларымен кездесті

  Президент бірқатар ІТ компания басшыларымен кездесті<a href="https://t.
REKLAM ALANI
Президент бірқатар ІТ компания басшыларымен кездесті
Yayın: 30 Eylül 2022 SİYASET Google News

 

 

 

 

Жаңалықтар

Астана, Қазақстан

Президент бірқатар ІТ компания басшыларымен кездесті

2022 жылғы

Мемлекет басшысы «Digital Bridge» халықаралық технологиялық форумы аясында халықаралық IT компаниялардың басшыларымен бірқатар кездесу өткізді.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Samsung Electronics компаниясының корпоративті президенті Ин Йонг Ри IT мамандарды даярлау, бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және ғылым саласында ынтымақтастық орнату мүмкіндіктерін қарастырды.

 

Арсен Томский Мемлекет басшысына Қазақстандағы көлік қызметі саласындағы ең танымал мобильді қосымшалардың бірі іnDriver-дің қызметін дамытудың перспективалары туралы айтты. Компания басшысының айтуынша, Астана мен Алматыда екі кеңсе ашылған. Сонымен қатар inDriver Astana Hub резиденті атанды. Арсен Томский Spark цифрлық университетін құру және жастарды қолдауға бағытталған бірқатар коммерциялық емес жобаны жүзеге асыру жоспарларын жеткізді.

 

G42 компаниясының директоры Мансур Ибрагим әл-Мансуримен кездесуде ақпараттық технологиялар мен цифрлық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге баса назар аударылды. Қасым-Жомарт Тоқаев G42 жасанды интеллект, cloud инфрақұрылымы және Big Data салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру жоспарлары туралы мәліметтер алды. Мемлекет басшысы жасанды интеллект пен IT саласындағы адами капиталды дамыту еліміз үшін стратегиялық маңызы бар мәселе екенін атап өтті.

 

Bharti Enterprises және OneWeb құрылтайшысы әрі төрағасы Сунил Барти Митталмен кездесуде шалғай елді мекендерді интернетпен қамту үшін төмен орбиталы спутниктерді және жерүсті станциялар желісін пайдалану мәселелері талқыланды.

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://akorda.kz/kz/prezident-birkatar-it-kompaniya-basshylarymen-kezdesti-2885632

 

 

Son Güncelleme: 30 Eylül 2022