Президент Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті

  Президент Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті <a href="https://t.
REKLAM ALANI
Президент Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті
Yayın: 04 Aralık 2022 DÜNYA Google News

 

 

 

Жаңалықтар

Халықаралық қоғамдастық

Президент Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті

2022 жылғы

Ресей, Мәскеу қаласы

Мемлекет басшысы Мәскеуге ресми сапары аясында Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, екі елдің қарым-қатынастары сауда-экономикалық салада айтарлықтай жетістіктерге жеткен.

– Біз Ресей Федерациясымен арадағы ынтымақтастықты бағалаймыз. Бүгінгі сапар өте мазмұнды болды. Бұл – менің және Владимир Владимировичтің пікірі. Біз менің Мәскеуге жасаған сапарымның нәтижесіне көңіліміз толатынын атап өттік. Декларацияға қол қойылды. Сонымен қатар біз сауда-экономикалық, инвестициялық салалардағы өзара іс-әрекеттеріміздің өзекті мәселелерін талқыладық. Шекара маңы аудандарының ынтымақтастық форумын аштық. Жаңа ғана сауда-саттықтың басты көрсеткіштері аталып өтті. Шын мәнінде, былтыр тауар айналымы 24,5 миллиард долларды құрады. Биыл қазірдің өзінде бұл көрсеткіштерге қол жеткізілді. Бірақ жылдың соңына дейін әлі де жаңа сандар мен жаңа көрсеткіштер пайда болады, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған белсенді әрі табысты жұмысы үшін Михаил Мишустинге алғыс айтты.

 

Өз кезегінде Михаил Мишустин мемлекеттер басшылары қол жеткізген уағдаластықтарды нақты жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.

– Сіз Қазақстан Президенті лауазымына қайта сайланғаннан кейінгі алғашқы сапарыңызды Ресей Федерациясына жасағаныңыз маңызды. Бұл ресейліктер мен қазақстандық серіктестер арасындағы көп ғасырлық достыққа негізделген бауырластық, одақтастық қарым-қатынастың одан әрі нығая түсетінін көрсетеді. Жаңа ғана Кремльде Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргіздіңіздер. Сіздер бүгін дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толуына орай бірлескен Декларацияға қол қойдыңыздар. Ресей мен Қазақстанның ынтымақтастығын нығайту жөнінде стратегиялық шешімдер қабылданды. Біздің, яғни екі ел үкіметтерінің алдында президенттеріміз келіскен уағдаластықтарды жүзеге асыру міндеті тұр, – деді Ресей Үкіметінің төрағасы.

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/prezident-resey-ukimetinin-toragasy-mihail-mishustinmen-kezdesti-2810451

 

 

Son Güncelleme: 04 Aralık 2022