Президент Қостөбе ауылы тұрғынының қосалқы шаруашылығына барды

  Президент Қостөбе ауылы тұрғынының қосалқы шаруашылығына барды <a href="https://t.
REKLAM ALANI
Президент Қостөбе ауылы тұрғынының қосалқы шаруашылығына барды
Yayın: 07 Şubat 2023 SİYASET Google News

 

 

 

Жаңалықтар

Жұмыс сапарлары

Президент Қостөбе ауылы тұрғынының қосалқы шаруашылығына барды

2023 жылғы

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы

 

Мемлекет басшысы қарапайым ауыл тұрғынының тұрмыс-тіршілігімен танысу үшін жеке қосалқы шаруашылығын жүргізіп отырған Қостөбе ауылы тұрғынының үйіне барды.

Ауыл тұрғыны Саламат Рахманбердиев 2020 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2,5 пайызбен 3,6 миллион теңге несие алып, 6 бас мүйізді ірі қара, 3 бас жылқы, 10 бас қой сатып алған. Кәсіпкер мал бордақылап сатумен айналысады. Қазір төл басын арттырып, тапқан табысына жүк көлігін сатып алған. Ол өз нәпақасын табумен қатар, ауылдың екі тұрғынын жұмыспен қамтып отыр.

 

Саламат Рахманбердиев алдағы уақытта жем сататын дүкен ашып, мал басын көбейту үшін тағы да жеңілдікпен 10 миллион теңге кредит алуға ниеттеніп отырғанын жеткізді.

Мемлекет басшысы еңбекқор жігіттің кәсібіне табыс тілеп, өз атынан дәнуатқыш аппаратын сыйға тартты.

 

 

 

 

 

 

 

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/prezident-kostobe-auyly-turgynynyn-kosalky-sharuashylygyna-bardy-312719

 

 

Son Güncelleme: 07 Şubat 2023