Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады

Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады <a href="https://t.
REKLAM ALANI
Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады
Yayın: 29 Ocak 2023 SİYASET Google News

 

 

Жаңалықтар
Ақорда

Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады

2023 жылғы

Президентке заң үстемдігін қамтамасыз етуге және сот төрелігінің сапасын арттыруға бағытталған сот реформасының жүзеге асырылу барысы туралы мәлімет берілді.

Жоғарғы Сот төрағасы реформа жөніндегі ұсыныстардың шұғыл шаралар, заңнамалық бастамалар және ұзақмерзімді міндеттер секілді үш топқа бөлінетінін атап өтті.

Шұғыл шаралар аясында міндетті түрде оффлайн өткізілуге тиіс процестер үшін сот залдарын ашу, сондай-ақ анағұрлым шетін салалар бойынша Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларын жаңарту мәселелері жоспарланған.

Асламбек Мерғалиевтің айтуынша, істі сотқа дейінгі қарау сатысына тиімді сот бақылауын енгізу, мемлекеттік сатып алу, салық салу және жеке сот орындаушыларының қызметі салаларында әкімшілік істердің қаралу мерзімін қысқарту мәселелері заңнамалық бастамаларға жатады.

Ұзақмерзімді жұмыс тәртібінде кешенді заңнамалық және ұйымдастыру шараларын әзірлеу қарастырылған. Қазіргі уақытта Парламент қарауында екі заң жобасы жатыр. Олар сот төрағаларын сайлау арқылы таңдау тәртібін енгізуге, күштік құрылымдардың судьяларға қысым жасау жолдарын жоюға, Жоғарғы сот кеңесінің құзыретін күшейтуге және ювенальді соттардың қарауына жататын істердің аясын кеңейтуге бағытталған.

Бұдан бөлек, қылмыстық процесте тараптардың жарыспалылығы қағидатын қамтамасыз етуге және заңды өрескел бұзғаны үшін судьяларды жауапкершілікке тарту механизмдеріне қатысты ұсыныстар әзірленіп жатыр.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы сот жүйесін одан әрі жетілдіру шараларын сапалы жүзеге асыру қажет екеніне назар аударды.

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-zhogargy-sot-toragasy-aslambek-mergalievti-kabyldady-2602619

 

 

Son Güncelleme: 29 Ocak 2023