Президент Сиань қаласындағы Бас консулдықты салтанатты түрде ашты

  🇰🇿🇨🇳 Президент Сиань қаласындағы Бас консулдықты салтанатты түрде ашты <a href="https://t.
REKLAM ALANI
Президент Сиань қаласындағы Бас консулдықты салтанатты түрде ашты
Yayın: 20 Mayıs 2023 KÜLTÜR SANAT Google News

 

 

 

Жаңалықтар

Халықаралық қоғамдастық

Президент Сиань қаласындағы Бас консулдықты салтанатты түрде ашты

2023 жылғы 19 мамыр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға мемлекеттік сапары аясында Қазақстан Республикасының Сиань қаласындағы Бас консулдығының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

 

Президент консулдық ғимаратында Қытайға жасаған мемлекеттік сапарын қорытындылап сөз сөйледі.

–Төраға Си Цзиньпинмен өте мазмұнды келіссөздер жүргіздік. Сондай-ақ бірлескен мәлімдеме жасалды, бірқатар маңызды келісімдерге қол қойылды. Шын мәнінде, бұл сапар қазақ-қытай ықпалдастығының «30 жылдық алтын дәуірін» бастады деуге болады. Әрине, бұл сапардың мән-мағынасы ерекше. Бүгін – Қазақстан мен Қытай ынтымақтастығы үшін тағы да бір аса маңызды әрі тарихи күн. Біз Сиань қаласында Қазақстанның Бас консулдығын ашқалы тұрмыз. Бүгінде Сиань – «Бір белдеу – бір жол» экономикалық белдеуінің маңызды бекеті. Шэньси өлкесі және Сиань қаласы Қазақстанмен тығыз байланыс орнатқан. Солтүстік Қазақстан облысымен және Шымкент қаласымен бауырластық қатынас туралы келісімге қол қойылды. Бұл шаралар екі ел арасындағы барыс-келісті жандандыра түсері сөзсіз. Бас консулдық осы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға үлес қосады деп сенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

 

 

 

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Бас консулдықты қысқа мерзім ішінде ашуға қолдау көрсеткені үшін Қытай тарапына ризашылығын білдірді. Мемлекет басшысы Сианьда Бас консулдық ашу туралы тиісті жарлыққа 2022 жылы 5 қарашада қол қойған еді. Еліміздің дипломатиялық өкілдігі жұмыс істейтін округке 246 миллион халқы бар Шэньси, Ганьсу, Сычуань, Хубэй провинциялары, Нинся-Хуэй автономиялық ауданы және орталыққа тікелей бағынатын Чунцин қаласы кіреді.

Консулдық ғимаратында дипломаттармен қатар Қазақстанның экономикалық мүддесін ілгерілету үшін ұлттық компаниялардың өкілдіктері де орналастырылады.

 

Бас консулдықтың ашылу рәсіміне ҚХР Мемлекеттік кеңесінің мүшесі, Сыртқы істер министрі Цинь Ган қатысып, Қытай үкіметінің құттықтауын жеткізді. Қытайлық дипломаттың айтуынша, Сиань қаласында Қазақстанның Бас консулдығының ашылуы екі елдің жан-жақты стратегиялық ынтымақтастығы жаңа деңгейге көтерілгенін білдіреді. Қазақстан – Қытайдың Шэньси провинциясында өзінің дипломатиялық өкілдігін ашып отырған Орталық Азиядағы жалғыз ел.

 

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://akorda.kz/kz/prezident-sian-kalasyndagy-bas-konsuldykty-saltanatty-turde-ashty-1941131

 

 

Son Güncelleme: 20 Mayıs 2023